Ақтөбеде пиротехниканы заңсыз сатқандар анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында «Пиротехника» алдын алу шарасы өтіп жатыр. Қала тұрғыны пиротехниканы заңсыз сатқаны үшін айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мереке қарсаңында полиция мен төтенше жағдайлар қызметі сақтық шарасын күшейтті. Сапасыз және мерзімі өткен өнімдерді анықтау мақсатында Ақтөбе облыстық полиция департаментінің қызметкерлері рейд өткізді. Әлеуметтік желі мен арнайы сайттардағы хабарламаларды тексеріп, бір тұрғынның заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны белгілі болды.

«Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамай, көпқабатты үйдің пәтерінде пиротехника сатқан адамдар анықталды. Пиротехника тәркіленіп, сатушыға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды, айыппұл салынды. Барлығы 11 дерек тіркелді. Арнайы сертификаты болмаған соң 388 пиротехника жойылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар