Ақтөбеде пиротехника өнімдері заңсыз сатылып келген

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының полицейлері арнайы рейд барысында пиротехникалық өнімдерді заңсыз саудалау әрекеттерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Жедел сауықтыру-шараларының барысында пиротехникалық заттарды заңсыз саудалаудың 17 фактісі анықталды. Сондай-ақ сертификаттары жоқ болуы себепті 1500 кг пиротехникалық заттар тәркіленді. Пиротехникалық заттарды заңсыз пайданалудың 2 фактісі тіркелді»,-деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметінің маманы Ерболат Сарқұлов.

Рейд шаралары сертификаты жоқ пиротехникалық өнімердің заңсыз саудасына бағытталған. Тексеру жұмыстары қаңтардың 3-ні дейін жалғасады.



Соңғы жаңалықтар