Ақтөбеде пәтерден өрт шығып, жеткіншек зардап шекті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 шағын ауданында көпқабатты үйлердің бірінде пәтерден өрт шықты. 12 жастағы жеткіншекке алғашқы медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 11:21-де облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне шақырту түсті. Батыс-2 шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден өрт шықты. Оқиға орнына 12 адам мен 4 техника жіберілді.

«Өрт сөндірушілер жеткен кезде тұрмыстық заттардың және төбенің жанғанын көрді. Арнайы баспалдақтың көмегімен 2 адамды құтқарып, 9 адам эвакуацияланды. Сонымен бірге 12 жастағы қызға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар