Ақтөбеде өзіне қол салған әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 26 жастағы келіншектің өліміне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ақтөбе облыстық ІІД өз-өзіне қол жұмсаған 26 жастағы келіншектің өліміне қатысты тергеуді бастады. Ол Нұр Ақтөбе ықшамауданындағы көпқабатты үйдің 4 қабатынан секіріп кеткен. Этикалық нормаға сай себебі құпия сақталады",- деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде жас келіншек қаза болды. Оқиға орнына барған жедел жәрдем оқиға келіншектің өлімін ғана тіркеді.

Соңғы жаңалықтар