Ақтөбеде ойынхана ашып, заңсыз табыс тапқан 3 адамға сот үкімі шықты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде заңсыз ойын бизнесі ұйымдастыру бойынша 3 іске сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Стоп игра» жедел-профилактикалық шарасы барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілерінің алдын алу және жою мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр.

Биылғы қазан және қараша айында букмекерлік кеңсе түрінде заңсыз ойын бизнесін жүргізген 3 ойынхана анықталып, ҚР ҚК 307-бабына сәйкес 3 қылмыстық іс тіркелген болатын.

Казіргі уақытта аталған қылмыстық істер сотта қаралып, айыптау үкімі шықты.

Атап айтқанда, Ақтөбе қаласы № 2 соттың үкімі бойынша Ақтөбе қаласының ойын-сауық кешендерінің бірінде жасырын ойынхана ұйымдастыру фактісі бойынша қала тұрғыны айыпты деп танылып, оған жаза ретінде 200 АЕК айыппұл тағайындалды. Қылмыс құралы ретінде танылған ( түрлі номиналды фишкалар, ойын карталары, покер кілемі ) мүліктері тәркіленді.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы №2 соттың үкімімен екі азамат кінәлі деп танылып, оларға жаза ретінде 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы қолданылып, қылмыс құралы ретінде танылған ( системалық блоктар, мониторлар, ойын терминалдары, видеорегистраторлар ) мүліктері тәркіленді.

Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.



Соңғы жаңалықтар