Ақтөбеде Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді (ФОТО)

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Ақтөбе қаласының жұртшылығы Отан қорғаушы күнін атап өтті.

Мерекелеуге Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің әскерлері, қалалық мектептердің жоғары сынып оқушылары, еңбек ардагерлері жиналды.

Шара Астанада Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 70 жылдығының құрметіне өткен әскери парадты онлайн-режим арқылы тамашалаудан басталды.

Парад аяқталған соң шараның салтанатты бөлімі өтіп, оның барысында қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева гарнизонның сарбаздары мен офицерлерін Отан қорғаушы күні және Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, әскерилер тобына Құрмет грамоталарын табыстады. Шара мерекелік концертпен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар