Ақтөбеде Орынбор облысының күндері өтті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Орынбор облысының күндері өтті. Кәсіпкерлер бетпе-бет кездесіп, Орынборда шығарылатын өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе мен Орынбор облыстарының өзара ынтымақтастығын арттыру, экономикалық байланысты нығайту мақсатында бүгін Орынбор облысының күндері өтті. Ресми жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг қатысты.

«Көрші мемлекетпіз, бұрыннан келе жатқан қарым-қатынас бар. Біздің міндет -байланысты әрі қарай жалғастыру. Бір жыл бұрын Орынборда Ақтөбе облысының күндері өтті. Сол кезде жыл сайын Орынборда, Ақтөбеде екі өңірдің күндері өтеді деп келісім жасалды. Екі ел кәсіпкерлері, азаматтарының қарым-қатынасына бар жағдайды жасаймыз. Индустрия, әлеуметтік сала, бизнесте жақсы байланыс бар»,- деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбе Орынбордан құрылысқа қажетті цемент түрлерін, темір, тамақ, тоқыма өнімдерін тасымалдайды. Ал Орынборға хром, құрылыс материалдары тасымалданып жатыр. Бүгін де іскерлік байланысты нығайту үшін 1 мыңнан астам орынборлық арнайы келді.

«2004-2017 жылдары Ақтөбе мен Орынбор арасындағы сауда 7 есе өсті. 2017 жылы 106 миллион долларды құрады. Байланысты әлі де дамыта түсу керек. Біріншіден, Батыс Еуропа -Батыс Қытай халықаралық тасжолында ғана емес, жол бойындағы бизнесті дамыту керек. Жол бойындағы бизнес игерілмеген, кәсіпкерлердің кірісуіне болады. Өндірістік кооперацияны дамыту керек. Өндіріс айналымы, технология, маман қай салаға да жетпей жатады. Біз бір-бірімізге дайын өнім шығару жолында көмектесіп, бірге дамуымыз керек»,- деді Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг.
nullnull

Орынборлықтар Ақтөбені инвестор болуға шақырды. Әсіресе, мәдениет, туризм, білім саласында бос кеңестік барын жасырмады. Осылайша екі көршілес облыс коммуникациялық, кооперациялық мүмкіндікті пайдаланып, жаңа нарықты бағындырмақ.

Орынборда шығарылатын цементтің бірнеше түрі Ақтөбедегі құрылыс компанияларына тасымалданады. Сонымен қатар, темір Ақтөбе рельс-арқалық зауытына жеткізіледі. Ал көрші облыс Ақтөбеден металлургия, машина құрастырару, бейорганикалық химия, өндірістік, тұрмыстық заттар сатып алады. Хром шикізатын Новотройцк хром қосындылары зауыты, кварцитті Медногорск комбинаты, феррохромды «Уральская стальная компания» ЖШҚ тасымалдап отыр. Орынборда кондитерлік цех, рентген зауыты мен құбыр арасындағы қосындыны тексеретін ақтөбелік компания жұмыс істейді.
nullnull

Соңғы жаңалықтар