Ақтөбеде өртенген үйден егіз баланың денелері табылды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында үй өртеніп, 5 жасар 2 бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 3 ақпан күні Қобда ауданы Қызылжар ауылында болды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің ауданы 8 шаршы метрді құрады.

«Қызылжар ауылына ең жақын өрт сөндіру қызметі 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше еріктілер жалынның бетін қайтарып үлгерді. Дегенмен үйде 2017 жылы туған егіз бала болған. Екеуі ыстан уланды. Сол уақытта ата-аналары жұмыста болған екен. Болжам бойынша от электр тогының қысқа тұйықталуынан шыққан»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар