Ақтөбеде өрт сөндірушілер саяжайдағы үйлерге арнайы дабыл жүйесін тегін қондырып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қауіп төнген кезде хабар беретін дабыл жүйесін қондырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасы, өрт сөндіру қызметі мен еріктілер саяжайларды аралады. Онда тұратын адамдарға өрт қауіпсіздігі ережесін түсіндіріп, жылыту маусымына дайындығын пысықтады. Пеш пен мұржаны қарап, оның жарамдылығын тексерді.

«Қала бойынша 140-тан астам өрт тіркеліп, онда 10 адам жарақат алды. Ал 4 адам мерт болды. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаудың маңызын түсіндіру жұмысы басталды. Пештерді қарап, оны жөндеуді қажет ететін тұсы болса, ескерту беріп жүрміз. Сонымен бірге улы газ шыққанда іске қосылатын дабыл жүйесін қондыруды бастадық. Бізде 1500-ден астам үй тізімде бар. Онда жалғызбасты аналар, көпбалалы отбасылар мен аз қамтылған жандар назарға алынады. Бірінші кезекте осы адамдарға қондырғы тегін қондырылады», - деді қалалық ТЖБ бастығы Айбат Жаңабергенов.

Айта кетейік, төтенше жағдайлар қызметі сенбі, жексенбі күндері де жұмысын жалғастырады.

«Талап бойынша мұржа үш ай сайын тазартылып тұруы тиіс. Сонымен бірге пештің алдында темірден арнайы қоршау болғаны дұрыс. Кез келген қауіпсіздік ережесі маңызды», - деді Айбат Жаңабергенов.


Соңғы жаңалықтар