Ақтөбеде өрт шыққан тұрғын үйден 35 адам эвакуацияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан «Кемер» дәмханасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан тұрғын үйдің бірінші қабатындағы «Кемер» дәмханасынан өрт шыққаны туралы хабар келді. Оның асханасында тұтанған өрт шатырға өтіп, 8 шаршы метрді жалын шарпыған. Өрт сөндірушілер 35 адамды қауіпсіз жерге көшіріп, 5 адамды, соның ішінде бір баланы құтқарды», - делінген хабарламада.

Өрт 22:24-те ауыздықталып, 22:30-да толықтай сөндірілді.

Ешкім зардап шекпеген.

Өртті сөндіруге 14 адам және 4 техника жұмылдырылған.


Камила Әмірова

Соңғы жаңалықтар