Ақтөбеде өрт кезінде қаза болған ауыл әкіміне «Ерлігі үшін» медалі берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Тәуелсіздік түлеткен Мәңлігік ел» атты салтанатты мерекелік шара өтті. Сұлукөл ауылындағы өрт кезінде қаза болған әкім Батырбек Бірлепесовке «Ерлігі үшін» медалі табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сұлукөл ауылынан өрт шығып, ауыл әкімі Батырбек Бірлепесов, мұғалім Жолдыбек Әбдісәлімов, мектеп күзетшісі Жомарт Смаилов және шаруа қожалығының жұмысшысы Жаңабай Әбішев қаза болған еді. Бүгін Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара кезінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ауылды аман алып қалу үшін аянбай еңбек еткен марқұм Батырбек Бірлепесовке «Ергілі үшін» медалін табыс етті. Медальді қаза болған ауыл әкімінің ағасы алды.
null 

«Бауырым әрі балам еңбекқор, халық үшін аянбай жұмыс істеген адам. Ол ауылда, ауданда мемлекеттік қызметте еңбек етіп, кәсіпкерлік салаға бетбұрды. Басқа салада жұмыс істеп жүрген кезде оны ауыл әкімі болуға шақырды. Ауылда әкім болғанына 2 жыл өтті. Сұлукөлде болған оқиғаны төтенше жағдай деп қабылдап, ешкімге кінә артқанымыз жоқ. Біз бауырымыздың еңбегі еленіп, марапатқа ұсынғанына ризамыз»,- деді Әбдіғани Қошанов.

Айта кетейік, қаза болған Батырбек Бірлепесовтың отбасы Ақтөбе қаласына көшіп келген. Үш немересін Әбдіғани Қошанов бауырына басып, бағып отыр. Төтенше жағдай кезінде асыраушысынан айырылған отбасыға мемлекеттік өтемақы берілді. 
null 

Соңғы жаңалықтар