+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ақтөбеде орман алқабының аумағы кеңейді

2020 жылғы 19 қазан 05:28
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде орман алқабының аумағы кеңейді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Биыл Ақтөбеде орман алқабындағы 927 га жерге ағаш егілді. Шығымы 67 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында көгалдандыру жұмысы жүріп жатыр. Сонымен бірге орман алқабының көлемі де ұлғайып келеді.

«Ақтөбеде жеті орман шаруашылығы бар. Жалпы аумағы 215 мың га асады. Оның 49 мың га астамы орманмен көмкерілген. Биыл қосымша 823 га қосылып, алқап аумағы 50 мың га асты», - деді Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Ғабит Қылышбаев.

Әлі күнге дейін өңірдегі 77 мың га аумақ мемлекеттік орман қоры аумағына алынбаған. Жер телімін қайтару мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейбірі шаруашылықтардың иелігіне өтіп кетсе, кейбірі әлі күнге дейін бос жатыр.

«Аумақты қорғау алып, күтім жүргізу керек. Көбіне өрттен қорғау жұмысы жүргізіледі. Сонымен бірге зиянкестерге қарсы бақылау жүргізіледі. Қазіргі кезде 6 мың га орман шаруашылығының иелігіне өтті. Жұмыс жалғаса берсе, орманмен көмкерілген алқап көлемі артады», - деді Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Ғабит Қылышбаев.

Көшет егілген тәлімбақ аумағы Ақтөбеде 215 га құрайды. Мұнда жергілікті ауа райына қолайлы көшет отырғызылып, таратылады. Топырақ зерттеу, көшет отырғызудың өз технологиясы сақталуы тиіс. Бұл жұмыс Ақтөбедегі 7 орман шаруашылығында еңбек ететін 400-ге жуық адамға жүктелген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT