Ақтөбеде онлайн сабақ кезінде бейәдеп хабарлама жазғанғандар іздестіріліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде №17 орта мектеп оқушылары онлайн сабақ кезінде бейәдеп сөздерге тап болды. Қазір облыстық білім басқармасы полицияға арыз түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онлайн дәріс кезінде сексуалдық сипаттағы хабарлама жазу дерегі Ақтөбеде де тіркелді. Қаладағы №17 орта мектептің 6-сынып оқушылары атынан бейәдеп сөз жазғандардың кім екені әзірге белгісіз.

«Сабақ барысында балағат сөздер жазған адам оқушы емес. Облыстық білім басқармасы жан-жақты іздеу жұмысын жүргізді. Мектепте математика сабағы болған. Сол кезде оқушының атымен Zoom платформасына кіреді. Балағаттаған кезде мұғалім бірден платформадан шығарып тастаған. Ол екінші баланың атымен тағы да онлайн сабаққа кірген. Қайталанғанда Zoom платформасы жабылып қалған. Облыстық білім басқармасы полицияға арыз түсірді», - деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлназ Мырзағалиева.


Соңғы жаңалықтар