Ақтөбеде өңірдің танымалдығын арттыратын бренд жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығында Ақтөбе облысының брендін таныстыруға байланысты баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығы.

Бренд өңірдің ішкі және халықаралық аренадағы имидждік тартымдылығы мен танымалдылығын арттыру мақсатында жасалған.

Жұмысты кәсіби, шынайы және тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының өңірлік брендін анықтайтын сараптама кеңесінің құрамына ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, маркетинг, PR және осыған ұқсас  салалардағы  сарапшылар, сонымен қатар кәсіби  қоғам өкілдері   кірді.

Ақтөбе облысының брендін анықтау жұмысы төрт кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, тұрғындарға сауалнама жүргізу арқылы облыстың сәйкестілігіне зерттеу жүргізу жолымен тұжырымдама құру жұмыстары жүргізіліп, оған  екі мыңнан аса тұрғын қатысты. Брендтің үздік нұсқалары жасалып, таңдалды, облыс әкімдігінің ресми сайтында жүргізілген интернетпен дауыс беруге 1250 адам ат салысты. Қорытынды кезеңде сараптама кеңесі Ақтөбе облысының өңірлік брендін анықтады.

Баспасөз конференциясы аясында қатысушылар мен қонақтарға жаңа өңірлік бренд, сонымен қатар, оның құрылуының толық тарихы жазылған бейнеролик ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар