Ақтөбеде оқушыны зорлаған күдіктіні іздеу жұмысы министрлік бақылауына алынды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған күдіктіні іздеуге кинологтар жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбеде кәмелет жасқа толмаған қызды зорлау фактісі бойынша жедел іздестіру шарасы жүріп жатыр.
«Соталды тергеу басталды. Бейнебақылау камералары түгел тексеріліп, анықтау жұмысы жалғасып жатыр. ІІМ криминалдық полиция департаментінің жетекшісі бастаған топ өңірге келді. Штаб құрылып, кинологтар жұмысын күшейтті. Бұрын осындай қылмыстық іс бойынша жазасын өтеген, пробациялық бақылауда жүргендер тексерілді. Қылмыстық істі ашу үшін барлық шара қолға алынды. Тергеу ІІМ бақылауында», - деп таратты облыстық ПД әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.
Айта кетейік, кеше Ақтөбеде мектеп оқушысына белгісіз біреу зорлық көрсетті. Полиция іздеу жұмысы жүргізілгенін ресми парақшасы арқылы таратты.
- Ақтөбеде облыс әкімінің есебі онлайн өтеді
- Ақтөбеде өртеніп кеткен үйден адамның денесі табылды
- Жақсылық жаса: Ақтөбелік қараусыз қалған 80 жастағы қарияны өз қамқорлығына алды
- Ақтөбеде қаңтар айында 55 адам көлік апатынан зардап шеккен
-
Ақтөбедегі спорт сарайы УЕФА талабына сай емес
-
Ақтөбеде бір мектепке екінші рет «бомба қойған» адам іздестірілуде
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам