Ақтөбеде оқушыны зорлаған күдіктіні іздеу жұмысы министрлік бақылауына алынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған күдіктіні іздеуге кинологтар жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде кәмелет жасқа толмаған қызды зорлау фактісі бойынша жедел іздестіру шарасы жүріп жатыр.

«Соталды тергеу басталды. Бейнебақылау камералары түгел тексеріліп, анықтау жұмысы жалғасып жатыр. ІІМ криминалдық полиция департаментінің жетекшісі бастаған топ өңірге келді. Штаб құрылып, кинологтар жұмысын күшейтті. Бұрын осындай қылмыстық іс бойынша жазасын өтеген, пробациялық бақылауда жүргендер тексерілді. Қылмыстық істі ашу үшін барлық шара қолға алынды. Тергеу ІІМ бақылауында», - деп таратты облыстық ПД әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.

Айта кетейік, кеше Ақтөбеде мектеп оқушысына белгісіз біреу зорлық көрсетті. Полиция іздеу жұмысы жүргізілгенін ресми парақшасы арқылы таратты.

Соңғы жаңалықтар