Ақтөбеде оқушыларға манту орнына БЦЖ салу оқиғасына қатысты тергеу жүріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ақтөбедегі мектеп оқушыларына манту орнына туберкулезге қарсы вакцина салған медбикенің қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл іс оның жұмыстан босатылғанына немесе жұмысын жалғастырғанына қарамастан, құқық қорғау органдарына жіберілді. Осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның жұмыстан өз еркімен кетуі туралы арыз жазғанына тоқталсақ, осындай шешім жасау - оның құқығы. Атап айтқанда, тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыркүйек айында Ақтөбеде 42 оқушыға манту сынамасының орнына БЦЖ салынған.

Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл дерек бойынша қызметтік тексеруді бастады.

Сонымен қатар бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Тексеру кезінде медбике екпе ампуласын шатастырып алғаны анықталды.

Еліміздің жетекші мамандары манту сынамасының орнына вакцина алған ақтөбелік оқушыларды тексерді.


Соңғы жаңалықтар