+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Ақтөбеде оқушылар төбелесіп, бір жасөспірім көз жұмды

2019 жылғы 27 қаңтар 14:54
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде оқушылар төбелесіп, бір жасөспірім көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Шалқар ауданында оқушылар төбелесіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің Шалқар қаласында оқушылар төбелесіп қалды. Оқиға мұз айынында болған. Аудандық аурухананың бас дәрігерінің хабарлауынша, бір оқушы дене жарақатынан (әлдене сұғып алған) көз жұмды.

"Жедел жәрдем шақырмай, балалардың көмегімен жеткізілді. Келген кезде жағдайы ауыр болды. Реанимациялық құтқару жүргізілгенімен, көп қан жоғалтқаны анықталды. Әлденені сұғып алған жарақат. Бір бала көз жұмды", - деп хабарлады аудандық аурухананың бас дәрігері Асқар Есмағамбетов.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл ақпарат туралы ертең толық мәлімет беретінін жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT