Ақтөбеде оқушы досының аяғына пышақ сұғып алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы №38 орта мектеп оқушысы жанындағы досының аяғына пышақ сұғып алған, де хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы оқиға 6 наурызда болған. Алайда, ата-аналар өзара келісіп, полицияға шағым түсірмепті. Сондықтан да бұл жайттың мән-жайы енді ғана белгілі болып отыр.

Ақтөбе қаласындағы №38 орта мектепте қазір балаларға тәрбие сағаты өтіп жатыр. Олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, ата-аналардың бақылауын күшейтуге мектеп оқушысының тосын әрекеті түрткі болды. 5 сынып оқушысы сабақтан шығып, үйіне бара жатқан жолда жанындағы жолдасының аяғына кеңсе пышағын сұғып алған.

«11 жастағы балалар бір-біріне көрші тұрады. Ата-аналары да бір-бірін таниды. Өзара татуласып, полицияға шағым түсірген жоқ. Бірер күн ем қабылдаған оқушы сабаққа келіп жүр. Біздің мектепте ешқандай қылмыстық оқиға тіркелген емес. Қазақ орта мектебінде білім алатын балалардың көбі әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тұрады. Олар мектеп жанындағы жатақханалардың тұрғындары. Шынын айтқанда, бізде бұзық бала жоқ. Кешегі жағдай үшін де қиын болды. Аталған оқиға бойынша ата-аналарға құқықтық кеңес берілді»,- деді №38 орта мектеп директоры Назгүл Хасен. 

Соңғы жаңалықтар