Ақтөбеде өкшелі етігімен Нива көлігін сүйреген әйел жұртты таңқалдырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ақшатау ауылының тұрғыны Мәдина Нұрмағамбетова Наурыз мерекесі күні Нива көлігін бір өзі сүйреді. Тақалы етігімен ерлік көрсеткен балабақша тәрбиешісінің ісі көпшілікті таңқалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының шалғай ауылында тұратын Мәдина Нұрмағамбетова балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Төрт баланың анасы Наурыз мерекесі күні Нива көлігін сүйреп, көпшілікті таңқалдырды. Әлеуметтік желіге тарап кеткен видеоны көрген адамдардың кейбірі қарсы шықса, кейбірі «алып анадан туады» деп қолдау білдірді.

Публикация от Мадина Нурмаганбетова (@madina77nur) 24 Мар 2018 в 6:06 PDT

«Наурыз мерекесі күні бізде мәдени-спорттық шара өтті. Алғашында Нива көлігін ер азаматтар сүйреді. Кейін мектеп директоры Бекжан Қарасаев мерекелік көңіл-күй үшін бақ сынап көруді ұсынды. Көлік сүйреуге келісімімді беріп, 14 секундта 3-5 метр қашықтыққа сүйредім. Бізде бірінші орын, бас жүлде деген жоқ. Әркім өзіне сый алды», - деді балабақша тәрбиешісі Мәдина Нұрмағамбетова.

Ақшатау ауылының тұрғыны от жағып, күл шығарады, мал жайлайды. Қара жұмысты өзі атқара беретін тәрбиеші сол күні аяқ-қолының бұлшық еті ауырғанын жасырмады.

«Көлікті сүйреу қиын. Бірақ бар күшімізді салдық. Менімен бірге көпбалалы әйел де көлікті сүйреді. Кейін қолым мен аяғымның бұлшық еті ауырды, сырқырады. Бәрін ұмытып кеттік», - деді М.Нұрмағамбетова. 

Соңғы жаңалықтар