Ақтөбеде өкпенің қабынуынан көз жұмғандар саны артты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде өкпенің қабынуы дертіне шалдығып, көз жұмғандардың басым бөлігі егде жастағы адамдар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша соңғы тәулікте 27 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Сонымен бірге осы айда өкпенің қабынуы дерті дендеп барады.

«Мамыр-маусымда пневмания күрт өсті. Соңғы 2 күнде тәулігіне 90 адам жеткізілді. Екі күн бұрын қабылдауды бастаған теміржол ауруханасында 190 адам пневманиядан ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа ауыр, тыныс алулары нашарлаған. Ауруханаға түскендердің бәрінен ПТР сынама алынады. Егер коронавирус расталса, бірден инфекциялық ауруханаға жіберіледі. Қалада барлығы 296 науқасқа осы диагноз қойылған. Бізде бұл бағытта 446 кереует дайындалды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Ақтөбе қаласындағы теміржол ауруханасында ғана бос кереует бар.

«Сәуір айымен салыстырғанда мамырда өкпенің қабыну дерегі 6 есе көбейді. Жедел жәрдемді шақыру дерегі соңғы аптада екі есе артты. Мұның нақты себебін айта алмаймыз. Тексеру кезінде өкпе жұмысының бұзылғаны да анықталды. Барлығы осы дерттен 8 адам көз жұмды», - деді Светлана Есенаманова.


Соңғы жаңалықтар