Ақтөбеде өкілеттілігін асыра пайдаланған тергеуші айыпталып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментіндегі есірткімен күрес басқармасының тергеушісі Сұлтан Сырлыбайұлы өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін сот алдында жауап беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тергеуші болып жұмыс істеген 30 жастағы Сұлтан Сырлыбайұлы Қылмыстық кодекстің «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» бабы бойынша айыпталып жатыр. Іс материалдарына сүйенсек, ол 2016 жылдың наурыз-тамыз айларында Асқар Сандыбаевқа қатысты істі тергейді. Қылмыскер аса ірі көлемде ескірткі сақтағаны үшін істі болды. Тергеу жүргізген Сырлыбайұлы тінту кезінде пәтер ішінен қылмыскердің ұялы телефоны мен сөмкесін алып қойған. Кейін өзі пайдаланған. Сол кезде пәтер ішінде күдіктінің әйеліне тиесілі 323 мың теңге табылып, тергеуші 183 мың теңгені заңсыз иемденді.

«Сол кездері тергеуші болып жұмыс істеген Сұлтан Сырлыбайұлы қылмыскер Асқар Сандыбаевтың әйелі Альмира Жұмағазинаны «сыбайлас ретінде қылмыстық жауапқа тартамын» деп қорқытқан. Сөйтіп, Жұмағазинаға барлық ақшаны алды деген қолхат жаздырып алған. С.Сандыбайұлы мұнымен шектелмей, Өзбекстан азаматы А.Исмаиловты ақысыз құрылыс жұмыстарына тартты. Ол Сандыбаевтың ісі бойынша куәгер ретінде қатысқан болатын», - деп жазылған айыптау қорытындысында.

Сот отырысы ашық өтіп жатыр. Сот отырысы кезінде жәбірленуші Альмира Жұмағазина айыпталушы С.Сандыбайұлы өзін қорқытқанын, тұрақты жұмысы жоқ болған соң массаж жасап, ақша тауып жүргенін білген кезде қызметін оған да көрсеткенін айтып берді. 

Айта кетейік, ірі көлемде есірткі тасымалдаған Асқар Сандыбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол еліміздің шығысындағы абақтының бірінде жазасын өтеп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар