Ақтөбеде облыстық музей жұмысын қайта жандандырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық тарихи-өлкентау музейі жұмысын қайта жандандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде бүгін музей жұмысы қайта жанданды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі енді бір сәтте 25 адамға қызмет көрсете алады.

«Шектеу шарасы жеңілдеген кезде музейдің жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Қызметкерлер өткен аптада онлайннан оффлайнға ауысты. Ал бүгін музей келушілерді қабылдай бастады. Тек адам саны 25-тен аспауы тиіс. Әрі санитариялық-эпидемиологиялық талап қатаң сақталады. Сенбі-жексенбі күндері жабық тұрады. Ал жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін ашық», - деді облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғали.

Айта кетейік, өңірде кітапханалар жұмысы да жанданды. Көктемдегі екі айлық онлайн жұмыстан соң олар қайта қызметке кірісті. Жұмыс уақыты сағат 9:00-18:00 аралығында.



Фото: aqtobe-museum.kz

Соңғы жаңалықтар