Ақтөбеде «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы жұмысын бастады

None
None
​АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы жұмысын бастады. Штаб құрамында түрлі саланың белсенділері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

​Партия тізімі бойынша Ақтөбе облыстық және аумақтық сайлау комиссиясына барлығы 368 кандидат тіркелді. Оның ішінде 309-ы праймериз жеңімпазы, 59 -ы партия филиалының квотасы бойынша іріктелді. Жалпы облыс бойынша сайлауалды штабтарға 472 адам кірген. Көбі мәдениет, білім, ғылым, бизнес өкілдері және мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар. ​ Сонымен бірге штаб жанынан Жастар қанаты құрылды. Оған «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері мен партияның жас жақтастары кірді.

«Сайлауалды бағдарламада 1300-ден астам нақты міндет қамтылды. Оның 46 пайызы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындауға бағытталған.​ Сөйтіп біз 1 мыңға жуық ақтөбеліктің өтініш-тілегін түгел қамтып отырмыз. Онда экономикалық, әлеуметтік, білім мен спорт, мәдениет салаларына бағытталған бірнеше сауалдың шешімі табылған. Біздің басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» Бұл еліміздің күрделі кезеңдердегі басты біріктіруші күші мен құндылығын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл - жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ идея мен мақсатты ұстану», - деді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінщі орынбасары, облыстық сайлауалды штабы басшысы Ербол Данағұлов.

Үгіт – насихат жұмысы кезінде ашық диалогқа басымдық беріліп отыр. Яғни, кез келген кандидат өз бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп, тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдайды. Сауалдарына жауап беріп, алдағы жұмыс жоспарымен бөліседі.

«Сайлаудағы жеңіс әрқайсымыздың біліктілігімізге, жауапкершілігімізге, өз ісімізге деген адалдығымызға тікелей байланысты. Партия Төрағасы, Елбасы барлық кандидат сайлау науқанына белсенді атсалысуы керектігін нақты белгілеп берді. Біз партиямыздың осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайықты нақты істер партиясы екенін көрсетуге тиіспіз»,- деді Е.Данағұлов.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының Ақтөбе облыстық сайлауалды бағдарламасы бойынша ​ 2025 жылға дейін өңірде 30 ірі кәсіпорын ашылады.​ Сонымен бірге ең төменгі жалақы мөлшері 200 мың теңгеге дейін жеткізіледі. Игерілмеген жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылып, ауыл шаруашылығы саласына бағытталған жер көлемі артады. Алдағы 5 жылда Ақтөбе облысының барлық ауыл халқы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге 3,9 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, 28 мыңнан астам адам баспаналы болады. Облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар 2 мың шақырым жол жөнделіп, 2025 жылға дейін сапалы жол үлесі 85 пайызға жеткізіледі.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.


Соңғы жаңалықтар