Ақтөбеде несие ұйымының қызметкерін тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан күдікті ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде шағын несие беру ұйымының қызметкерін қорқытып, кассада бар ақшаны алып кеткен күдікті ұсталды.

Облыстық полиция департаменті тонау кезіндегі бейнематериалды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгісіз біреу шағын несие беру ұйымының кеңсесіне кіріп, 22 жастағы қызметкерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан. Сөйтіп 74 000 теңге ақшаны алып кеткен.

«Оқиға орнына полиция жасақтары жіберіліп, жедел-іздестіру шаралары негізінде 23 жастағы күдіктіні ұстады. Ұсталған адам істеген әрекетін толығымен мойындады. Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеуге байланысты жария етілмейді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар