Ақтөбеде нан бағасының өсуіне байланысты талдау жүргізіледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында нан бағасы 2 теңгеге өсті. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің облыстық департаменті бағаның көтерілу себебін анықтауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын тексеріп, нан бағасының өскенін анықтады.

«Ақтөбе қаласында үш ірі компания нан өндіреді. «Рамазан» ЖШС-і 15 қазаннан бастап бағаны 80 теңгеден 82 теңгеге көтерді, «Ақтөбе нан» ЖШС-і 78 теңгеден 80 теңгеге арттырды. Сонымен қатар «Атамекен нан 2000» ЖШС-і 78 теңгеге сатып жатыр. Бұл нанның шығарылым бағасы. «Анвар» және «Лучшее решение» сауда нүктелерінде нанның бағасы 69 теңге болып тұр. «Дина» супермаркеттер желісі өздері пісіретін нанды 75 теңгеге сатып жатыр», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің облыстық департаменті нан бағасының өсу себебін анықтау үшін талдау жасауға кірісті.

«Нан өндіретін компанияларға сұраныс жіберілді, талдау жасалады. Бұл жерде 2 теңге аса қымбатшылыққа жатпайды. Дегенмен жыл басынан бері 5-7 теңгеге дейін көтерілген екен. Кәсіпкерлер өзара бағаны келісіп көтерді ме деген сұраққа жауап іздейміз. Құжаттарды сараптап, талдау жасаймыз. Өзара келісіммен, бағаны негізсіз көтерсе шара қолданылады», - Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Сағындық Ерғалиев.

Соңғы жаңалықтар