Ақтөбеде «Myń bala» олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Елбасы Медалі» жобасы мен «Myń bala» ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Myń bala» ұлттық зияткерлік олимпиадасының бірінші кезеңіне Ақтөбе облысы бойынша 8 мыңнан астам оқушы қатысты. Математика, жаратылыстану, информатика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен 200 оқушы олимпиаданың ІІ кезеңіне өтті. Соның 34-і жеңімпаз атанды. ​Ал Әйтеке би ауданы Басқұдық орта мектебінің оқушысы Кеңшілік Ерқанат және Мәртөк ауданы Хазретовка орта мектебінің оқушысы Әлибек Әли «Ең үздік 30 оқушы» тізіміне енді. Олар дарынды балаларға арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатына қабылданды. Жеңімпаздар Нұрсұлтан Назарбаев қоры жіберген ноутбуктерді алды.

Айта кетейік, «Елбасы» медалі» жобасының күміс деңгейі бойынша Ақтөбе облысының жеңімпаздары ішінен 10 қатысушыға Нұрсұлтан Назарбаев қорының тарапынан жіберілген 10 жеңімпазға қола медаль мен төсбелгі табысталды.






Соңғы жаңалықтар