Ақтөбеде мұнайшылар мінген көлік аударылып қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде вахталық әдіспен жұмыс істейтін мұнайшылар мінген көлік аударылып қалды. Бірнеше адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 10 желтоқсан күні саға 17:30-да тіркелді. Мұнай өндіретін компаниялардың біріне тиесілі «КамАЗ-21099» автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі кен орнынан шығып, Темір ауданы, Кеңқияқ кентіне бағыт алды. Ол жолда рульге ие бола алмай, аударылып қалған.

«Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мен түрлі дене жарақатын алған 6 жолаушы Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жеткізілді. Облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Кеңқияқ ауылдық ауруханасы қызметкерінің мәліметіне сүйенсек, бәрінің жағдайы жақсы.


Соңғы жаңалықтар