Ақтөбеде мұнайшылар мінген автобус апатқа ұшырап, екі адам көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Покровка-Жаңажол бағытындағы жолда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 желтоқсан күні сағат 18:45-те мұнай компаниясына тиесілі «ПАЗ« маркалы автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі Жарқамыс ауылынан Ақтөбе қаласына бағыт алған. Покровка-Жаңажол автожолының 13-шақырымында кедергі мен қауіп туындағанда ол жылдамдықты төмендетпей, жол бойында тұрған «КамАЗ« маркалы көлікпен соқтығысты», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Жол-көлік апаты салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмып, үшеуі Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына түрлі жарақатпен жатқызылды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Еске салсақ, бір апта бұрын Ақтөбеде вахталық әдіспен жұмыс істейтін мұнайшылар мінген көлік аударылып қалды. Бірнеше адам ауруханаға түсті.


Соңғы жаңалықтар