Ақтөбеде мұнайды заңсыз тасымалдаған қылмыстық топқа үкім шықты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан және Беларусь азаматтарына қатысты іс қаралды. Олар мұнайды заңсыз тасымалдап, сатумен айналысқаны үшін айыпты деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына А. Қожағалиев, А.Көшкінбаев, Э.Өтениязов, С.Раев және Беларусь азаматы С.Кунцевичке қатысты қылмыстық іс қаралды. Оларға Қылмыстық кодекстің «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу», «Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» баптары бойынша айып тағылды.

Бүгін сотта үкім оқылып, мұнайды заңсыз тасымалдап, сатқандар бас бостандықтарынан айырылды. Сот үкімімен сотталушы Алмаз Қожағалиев 19 жылға бос бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтейді. Ол «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС-нің маркетинг жөніндегі директоры болып жұмыс істеген.

«Интер Ойл Экспорт» ЖШС директорының орынбасары, Беларусь азаматы Сергей Кунцевич айыпты деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтесін. Азамат Көшкінбаев 4 жылға бос бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтесін», - деді судья Алтынбек Сабыров.

Айта кетейік, ТШО компаниясында оператор болып жұмыс істеген сотталушы Эдуард Өтениязов та 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал салық төлеуден жалтарды деп айыпталған Садық Раев бостандықта қалды. Ол мемлекет алдындағы қарызын түгел өтеген.

Сот үкімімен сотталушылар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-на 34 миллион теңгеден астам материалдық шығынды өндіреді. Сонымен қатар, сотталушылар А. Қожағалиев, А.Көшкінбаев, Э.Өтениязов, және С.Кунцевич ұлттық компанияның жүк тасымалына 107 миллион теңге материалдық шығынды төлейді.
null 

Қазақстаннан Қырғызстанға мұнай өнімдері атауымен таза мұнай тасымалған топ мемлекетке 1,3 миллиард теңге шығын келтірді. Сот үкімі күшіне енген жоқ. Айыпталушы тарап апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар