Ақтөбеде мұнай ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың ісі сотқа түсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мұнай ұрлығына қатысты іс түсті. Айыпталушылардың төртеуі қазақстандық, біреуі Беларусь азаматы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына А. Қожағалиев, А.Көшкінбаев, Э.Өтениязов, С.Раев және Беларусь азаматы С.Кунцевичке қатысты қылмыстық іс түсті. Оларға Қылмыстық кодекстің «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу», «Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» баптары бойынша айып тағылып отыр.

Ақтөбе облыстық баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық құқықбұзушылықтың ауыр, аса ауыр санатындағы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, алаяқтық жолмен бөтеннің мүлкін иемдену, жалған құжат дайындау баптары да бар.

Соңғы жаңалықтар