Ақтөбеде мүгедектердің кедергісіз дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Президент сайлауы кезінде әр адам кедергісіз ақпарат алып, дауыс беруі үшін Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандардың көмекшілері бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменова бүгін мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көмекшілерін орталыққа жинады. Мұндағы мақсат - ел болашағын айқындайтын сайлаудан тыс қалмау, дауыс беріп, таңдау жасау.

«Арамызда арбамен қозғала алатындар мен төсекке таңылғандар да бар. Сол төсекке таңылғандардың жан-жақты ақпарат алуы үшін бүгін көмекшілерін шақырып, бұл сайлаудың мәні мен маңызын түсіндірдік. Болашақ президент әлеммен тығыз байланыс жасап, елдің дамуына үлес қосады деп күтеміз. Халқы президентпен мақтануы, мақтан тұтуы тиіс. Осы жолда әр адам сайлау учаскесіне барып, таңдау жасағаны дұрыс. Мен елде болып жатқан барлық сайлауға қатыстым, тіпті төсекке таңылып жатқан кезде де. Себебі бұл - менің азаматтық парызым. Сайлауға қатыспаған адам біреудің ісі дұрыс емес деп айта алмайды. Таңдау жасамаған адамның бұған құқығы жоқ деп білемін», - деді Құралай Байменова.

«Ақтөбе облысының мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Қазақстан Республикасының Президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімді толықтай қолдайды.

«Президенттікке еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға күш-жігерімді аямай жұмсаймын, оған өз бойындағы білімім, талабым, іскерлігім мен саяси дипломатияға қабілеттілігім жеткілікті деп есептеген азамат өз кандидатурасын ұсынуға құқылы. Елдікті жоғалтпау тек қана ел басқарған адамдарға ғана емес, қарапайым еңбекші халықтың да үлесі болуының көрінісі болып табылатын сайлауға барлық саналы, намысты, патриот адамдар қатысып, дауыс беру өте маңызды. Президент сайлауы науқанында президенттікке кандидаттардың барлығының бағдарламасымен танысып, лайықтысын таңдау - әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы», - дейді «Ақтөбе облысының мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмирам Сражова.null null

Соңғы жаңалықтар