Ақтөбеде мүгедек ерлі-зайыптыны көсеумен ұрған күдікті ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе полициясы қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады. Ол үй иелерін ұрып-соғып, қолда бар ақшасын алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полицияға белгісіз біреудің терезе арқылы кіріп, отбасы мүшелерін көсеумен ұрып соққаны туралы ақпарат түсті. Күдікті ерлі-зайыпты мүгедектің ақшасын да алып кеткен.
«Зардап шеккендердің екеуі де мүгедек. Күдікті қарияларды көсеумен ұрып-соққан. Кейін 20 мың теңгені алып, қашып кеткен. Қылмысты ашу үшін жедел-тергеу тобы құрылып, полицияны барлық жасағы іздеу жұмысына жұмылдырылды. Көп ұамай 45 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Қарақшылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- СҚО-да 70 адамның ғана қызметтік қаруды сақтауға құқығы бар
- Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
- Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына жаңа әкім тағайындалды
- Әлемдегі елдерде баланы кемсітуге қалай жол берілмейді – ІІМ мысал келтірді
-
Коронавирус: Ақтөбе облысына тағы 4 мың доза вакцина жеткізіледі
-
Футбол ойнай алмағаны үшін сыныптастарының келемеждеуіне ұшыраған жасөспірім өзіне қол салды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам