Ақтөбеде мұғалімдер мен полицейлерге вакцина салына бастады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері мен педагогтар вакцина ала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде медицина қызметкерлерімен бірге мұғалімдер де вакцина қабылдай бастады. Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан екпе салдырды.

«Алдымен медицина саласының қызметкерлері қабылдады. Кері әсері болмады, бәрінің жағдайы жақсы. Кезек бізге келді. Мен өзім бірінші болып вакцина қабылдадым. Денсаулығым жақсы, алғашқы сәтте вакцинаның жағымсыз әсері байқалмады. Бір ескере кетерлік жайт, ешкімді мәжбүрлемейміз. Әріптестерімнің арасында бас тартқандар болмады», - деді Жолдас Батырхан.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша барлығы 25 орында вакцина салынуда. Екпе жүргізетін медцина қызметкерлері алдын ала біліктілігін арттырды.

«№1 Ақтөбе қалалық емханасында 250 медицина қызметкері екпе қабылдады. Ал бүгін екінші кезеңі басталды. Ақ халаттылармен бірге мұғалімдер және полиция қызметкерлері келді. Біздің аумақта 13 мың адам бар. Әзірге ешкім бас тартып жатқан жоқ. Бәрі «Спутник V» вакцинасын алады», - иммунолог-дәрігер Нұргүл Бисенғалиева.


Соңғы жаңалықтар