+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Ақтөбеде мұғалім мен оқушылар астан уланып, ауруханаға түсті

2019 жылғы 22 сәуір 13:10
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде мұғалім мен оқушылар астан уланып, ауруханаға түсті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде №9 мектеп-гимназиясының оқушылары астан уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп-гимназияның асханасында тамақ ішкен оқушылар 19 сәуір күні кешкілік ауруханаға түсе бастаған. 21 адамнан ішек инфекциясы анықталды. Олардың 20-сы - оқушы, біреуі - мұғалім.

«Қазіргі кезде 2 науқас ауруханада тиісті ем алып жатыр. Қалған 19 адамға алғашқы медициналық көмек беріліп, олар ата-аналардың қалауымен амбулаторлық емді қабылдауды үйлерінде жалғастырады. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды. Эпидемиологиялық анықтау кезінде бәрі де мектеп асханасында тамақ ішкені анықталды. Ақтөбе қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы № 9 мектеп-гимназиясының асханасына жоспардан тыс зертханалық тексеру жүргізді.Тексеру барысында асханада жуылған ыдыстардың дұрыс кептірілмейтіні, ыдыс кептіретін арнайы құрылғының, шикі тағамдарды сақтайтын тоңазытқыш ішіндегі термометрдің жоқтығы, шикі тауық еті және тартылған балық өнімінің сапасын растайтын құжаттардың болмауы секілді талаптардың бұзылуы анықталды», - деді Ақтөбе қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айсәуле Оралбаева.

Сонымен қатар тексеру барысында асхананы жалға алып отырған жеке кәсіпкер А.Наурызбаевтың санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алмай жұмыс істегені анықталды. Осы дерек бойынша № 9 мектеп-гимназиясының директорына тәртіптік шара қолдану үшін Ақтөбе қаласы әкіміне, қалалық білім бөліміне хат жолданады. Қазіргі күні асхана жұмысы тоқтатылды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT