Ақтөбеде мотоцикл руліне ие бола алмаған жасөспірім көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жасөспірім мотоцикл руліне ие бола алмай, аударылып қалды. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті тағы да ескерту жасады. Жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін ережені қатаң сақтау керек.

«Кәмелет жасқа толмаған ақтөбөбелік мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «LT-200» мотоциклімен Хромтау ауданының Тасөткел ауылы бағытында келе жатып, рульді басқара алмай қалды. Ол оң жаққа аударылып кеткен. Тексеру кезінде қажетті жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті. Самара-Шымкент тасжолында 6 адам көз жұмды .

Ал Ақтөбе-Атырау тасжолында төрт адам мерт болды. Темір қаласынан Кеңқияқ ауылы бағытында келе жатқан ВАЗ-2113 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Мұғалжар ауданының 50 жастағы тұрғынының басқаруындағы КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2113 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды . Көп ұзамай осы ауданның әкелі-балалы тұрғыны жол апатында мерт болды . ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы бағытындағы жолда қарсы жолаққа шығып кетіп, Темір ауданына бара жатқан «Тoyota Camry» автокөлігімен соқтығысқан.


Соңғы жаңалықтар