Ақтөбеде мотоцикл қаққан бірінші сынып оқушысы ауруханада көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқтөбе – Ақтөбеде мотоцикл қағып, ауруханаға түскен 1 сынып оқушысы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Ақтөбе облысы Қобда ауданында «Racer 110N» мотоциклін айдаған жасөспірімнің 1-сынып оқушысын қағып кеткенін, кішкентай қыздың ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз. Кейін науқасты облыстық балалар ауруханасына жеткізген.

«Науқас өте ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бас-ми жарақатын алып, кеудесі қысылған, өкпесіне, бауырына зақым келген. Жарақаттық шок алған. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, дәрігерлердің бақылауында болды. Бірақ 18 қыркүйек күні мидағы ісіктен, бүйректің сыр беруі мен бірнеше дене жарақатынан көз жұмды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, алғашында Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігімен іс қозғалса, бала өлімінен кейін ол 345-бабы 3-бөлігіне ауыстырылды.



Соңғы жаңалықтар