+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ақтөбеде мониторингілік топ вакцина салдырмай жұмыс істегендерді анықтады

2021 жылғы 19 қазан 05:15
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде мониторингілік топ вакцина салдырмай жұмыс істегендерді анықтады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында мониторингілік топ коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған жұмысшыларды анықтау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы коронавирустың қауіпті «Омикрон» жаңа штамына дайын ба Әсел Қалықова: Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 56,5 пайызға жетті Жапонияда омикрон штамын жұқтыру жағдайы тіркелді

Ақтөбе облысында мониторингілік топ вакцинация жұмыстарын, оның ішінде вакцина салдырмаған жұмысшылардың еңбекке араласу тәртібін қарап шықты. Талап бойынша жұмысшының ең болмағанда вакцинаның бірінші компонентін салдырғанын растайтын құжаты болуы тиіс.

«Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына екі компанияның қызметкеріне қатысты материал келіп түсті. Мониторингілік топ вакцина салдырмай, жұмыс істеп жүрген екі жұмысшыны анықтады. 11 қазан күні материал түскенін растаймыз. Ал шара қабылдау туралы жаңа Қаулы 16 қазан күні күшіне енді. Сондықтан оларды жауапқа тарта алмадық», - деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетова.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында 4253 кәсіпкер «Ashyq» жобасына қатысуға өтініш беріп, олардың 4253-не QR-код жүктеген. Оның ішінде «Көшбасшы» мәртебесі бар қатысушылар – 153.

«Сары» статусы бар 240 адам және «қызыл» статусы бар 341 адамның емін-еркін жүргені анықталған. «Сары» статусы бар 100 адамға Ақтөбе қалалық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы түсіндірілді. «Қызыл» мәртебесі бар 94 жеке адамға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 425-бабы 1-бөлігімен әкімшілік шара қолданылып, 4,1 млн теңгеге айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT