+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтөбеде мейрамханалар емдеу мекемесіне айналуы мүмкін

2020 жылғы 26 маусым 21:00
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде мейрамханалар емдеу мекемесіне айналуы мүмкін

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде карантин ережесі күшейтіліп, демалыс күндері мейрамханалар жұмысы тоқтатылды. Алдағы уақытта олар емдеу мекемесіне айналуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы тәулікте өңірде 23 адам ауырып, инфекциялық госпитальға жатқызылды. Өсім 3 пайыздан асты. Індет жұқтырғандардың көбі жедел респираторлық вирустық инфекция симптомдарымен дәрігер көмегіне жүгінген.

Облыста барлығы 716 адам індетке шалдықса, оның тең жартысынан астамы емделіп шыққан. Ал ешқандай клиникалық белгісі байқалмайтындар қатары 460-ке жетті.

Бір тәулікте облыста 27 тасымалдаушы тіркелді.

«Төтенше жағдай кезінде қоғамдық тамақтану орындары, мейрамханалар жұмысын тоқтатты, қазір де жұмыс істеп жатқан жоқ. Болжам жасау да қиын. Мәселен, небәрі 50 адамға қызмет көрсете алатын сала үшін Ресей тәжірибесі қолданыла бастайды. Ол жақтағы әріптестерімізбен сөйлесіп отырамыз. Медицинада сұраныс жоғары екенін біліп отырмыз. Сондықтан бұл нысандарды медциналық мекемеге айналдыруға болады», - дейді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының директоры Анар Даржанова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT