Ақтөбеде мейрамханада төбелескендер ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жана жылдық кешке барып, мейрамханада төбелес шығарғандар ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде мейрамхана ішіндегі жаппай төбелес туралы ақпарат жан-жаққа тарап кетті. Кейбір желі қолданушылары оларды мемлекеттік қызметкерлер деп ақпарат таратты. Бірақ олар - мемлекеттік мекеменің емес, жеке компания өкілдері.

«Оқиға 25 желтоқсан күні болған. Қаладағы мейрамханалардың бірінде жаңа жылдық кеш өткізгендер төбелесіп қалған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша іс қозғалып, соталды тергеу басталды. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Бұзақылық жасағандардың бәрі жеке мекемелерде жұмыс істейді», - деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Айта кетейік, бұрын сотталмаған екі адам ұсталған. Дене жарақаты болғанымен, ешкім дәрігердің көмегіне жүгінбеді. Облыстық полиция департаменті ұялы телефонға түсіріп, «мемлекеттік қызметкерлер төбелесі» деп жариялағандарды анықтайды.



Соңғы жаңалықтар