Ақтөбеде мереке қарсаңында мемлекеттік қызметкерлерге ескерту жасалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметкерлерге ескерту жасады. Сыйлық алған әр қызметші айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті сыйлық алып, беруге тыйым салынғанын хабарлама арқылы таратты.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес бұл мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекет болып бағаланады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бойынша лауазымды тұлғаға құны 2 АЕК-ке көлемінде сыйлық бергені үшін 200 АЕК көлемінде, ал мемлекеттік қызметші сыйлық алғаны үшін 600 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлейді. Құны 2 АЕК-тен жоғары сыйлық берсе, алса қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Егер сыйлық берсе 7 күнде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеу қажет«, - деді «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз хатшысы Зүлфия Набиулина.

Сонымен қатар, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруы қабылдауға болмайды. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Арнайы мониторинг тобымен бірге мемлекеттік қызмет саласындағы бірқатар мекемелерде рейд жүргізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар