Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 38 жоба іске асырылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 38 жоба іске асырылады. Бұл үш жылдың жоспары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп беру кездесуін өткізіп жатыр. Теннис орталығында өтіп жатқан кездесуге Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Байбеков, «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ төрағасы Ерболат Досаев және «Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков қатысып отыр. Сонымен қатар, облыстағы 12 аудан тұрғындары онлайн режимде тікелей қосылды.

Ақтөбе облысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 33 жоба іске асырылып жатыр. Ал 5 жоба өткен жылы іске қосылды. Олардың арасында жүйке жүйесі ауруына шалдыққан балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, бала мен анаға арналған дағдарыс орталығы бар.

Айта кетейі«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 4,6 мың орынға арналған 54 балабақша салынады. Балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қаму 92 пайызды құрап отыр. Біз әріптестік аясында 2020 жылы балаларлы түгел бақшамен қамтамасыз ете аламыз»,- деді Бердібек Сапарбаев.

Биыл мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 27 жоба іске асырылады. Оның ішінде медициналық жедел жәрдем станциясының құрылысы, қалалық балалар стоматологиясы, офтальмологиялық емхана, Мұз сарайы, Жекпе-жек сарайы бар. 

Соңғы жаңалықтар