Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілер арасында спорт түрлерінен жарыс өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ақтөбе облысының 500-ден астам мемлекеттік қызметшісі спорттың 6 түрінен жарысқа түсті. Олардың қатарында шағын футбол, волейбол, суда жүзу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат сияқты спорт түрлері бар, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы мұндай спартакиада дәстүрлі түрде өткізіледі және мемлекеттік оған қатысуға жыл сайын қызығушылық артып келеді. Ойындар өте тартысты өтті және әр спорт түрі бойынша жеңімпаздарды анықтау ұйымдастырушылар үшін қиын болды.

Облыстық спартакиада аталған мейрамға арнайы ұйымдастырылып отыр. Себебі Елбасымыз өзі де тұрақты түрде спортпен шұғылданады және тұрғындардың спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасалуына тапсырмалар берді.

Спартакиаданың жабылу салтанатында жеңімпаздарға дипломдар мен кубоктар табысталды. Сонымен қатар, биылғы жылдың жаңалығы ретінде үздік командалар мен ойыншыларға мемлекеттік қызметшілердің салалық кәсіподақ ұйымы атынан ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Жалпыкомандалық есепте спартакиада жеңімпазы болып 87 ұпаймен Темір ауданы әкімдігінің құрама командасы анықталды, екінші орынды 79 ұпаймен Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімдігінің құрамасы, үшінші орынды 71 ұпаймен Ақтөбе облысы әкімдігінің құрамасы иемденді.

Ең қызықтысы, үздік танылған мемлекеттік қызметшілер ұтып алған қаржыларын бірауыздан қайырымдылыққа жұмсау туралы шешім қабылдап, аз қамтылған отбасылардың балаларына киім-кешек пен азық-түлік алуға жұмсады.

Үздіктер қатарында үстел теннисінен Алматы ауданы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі Қанат Мамаев, шахматтан Темір аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ерлан Оспағамбетов, жүзуден Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров, тоғызқұмалақтан Байғанин ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Роза Қани бар.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі облыстық департаменттің ақпараты бойынша бүгінгі күнде облыстың мемлекеттік қызметшілерінің 50%-дан астамы спортпен белсенді түрде айналысуда.

Соңғы жаңалықтар