Ақтөбеде мемлекет қайраткері Нұрлан Балғымбаевқа ескерткіш тақта орнатылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы Жанқожа батыр мен Алтынсарин көшелерінің қиылысына экс-премьер, мемлекет қайраткері Нұрлан Балғымбаевқа ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына бар өмірін арнаған Нұрлан Балғымбаев Ақтөбеде бас инженер болып жұмыс істеді. Бүгін өзі жұмыс істеген ғимаратқа ескерткіш тақта қойылды. Мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі ғылыми зерттеу институты қабырғасындағы ескерткішті ашуға марқұм Н.Балғымбаевтың бауыры мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар. Ел үшін, ұлт үшін еңбек еткен азаматтарды еш уақытта ұмытпауымыз керек. Солардың бірі - Нұрлан Өтепұлы. Кеңес Үкіметі кезінде министрлікте жұмыс істеген қазақтан шыққан азаматтар аз. Нұрлан Өтепұлы Мәскеуде мұнай-газ саласында жұмыс істеп, шетелде оқып, «Шеврон» компаниясында еңбек етті. Министр қиын кезде Премьер-Министр қызметін атқарды. Ол халықтың әл-ауқатын арттыру үшін үлкен еңбек етті», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Өңір басшысы өз сөзінде Нұрлан Балғымбаевқа көше беру уақыт еншісіндегі іс екенін атап өтті. Себебі, жеке адамға көше атауын тек қайтыс болған соң 5 жыл өткенде ғана беріледі.

null

Айта кетейік, Нұрлан Балғымбаев мұнайшылар отбасында дүниеге келіп, династияны жалғастырды. Ол Мұнай және газ министрі, Премьер-министр қызметін атқарып, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері атанды. Ескерткіштің ашылуы кезінде інісі Нұрберген Балғымбаев ағасын еске алды.
null

«Атамыз Балғымбай 1911 жылы Доссордағы мұнай компаниясында ағаш шебері болып жұмыс істеді. Балғымбайдан тараған 5 бала мұнайшы, одан тараған 25 бала да мұнай-газ саласында еңбек етіп жүр. Ал Ақтөбе облысы Нұрлан үшін үлкен бастамаға серпін берген өңір. Бас инженер болып жұмыс істеп, Мәскеуде мұнай және газ министрлігіне кетті. Ақтөбеде мұнай өңдеу зауыты, Жаңажолда ұңғымалар іске қосылып жатқан кезде еңбек етті. Қазіргі кезде 400-500 ұңғыма болса, ол кезде 20-ға жуық ұңғыма іске қосылды. Апта, ондаған күн зауыт басында болып, аяз бен ыстыққа қарамай еңбек етті», - деді Нұрберген Балғымбаев. 

Соңғы жаңалықтар