Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Ақтөбеде Мемқызмет агенттігі департаментінің басшысы ауысты

2019 жылғы 14 тамыз 15:33 127
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде Мемқызмет агенттігі департаментінің басшысы ауысты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова Әділбек Мұқашевты Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әділбек Мұқашев бұған дейін Павлодар облысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болды. Облыстық департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2002 жылы ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын «заңгер» мамандығы бойынша, кейін 2007 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ресейдегі жоғары оқу орнында аспирантурада оқыған, заң ғылымдарының кандидаты. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1998 жылы бастап, 9 жыл бойы ішкі істер органдарында қызмет еткен.

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат иинистрлігінде, сондай-ақ сот жүйесінде тәжірибесі бар.2008 жылдың желтоқсанынан 2014 жылдың желтоқсан айлары аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған. 2014 - 2016 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып қызмет еткен. 2016 жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау департаментінің басшысы лауазымын атқарған. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы болып қызмет еткен», - деп хабарлады облыстық департаменттің баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT