Ақтөбеде мектептерге «бомба қойылды» деп хабарлаған күдікті іздестіріліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде бүгін алты орта мектепте алғашқы қоңырау болмай қалды. Арнайы жасақ «мектепке бомба қойылды» деген ақпаратты тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша барлығы 418 мектеп бар. Бүгін оның алтауында алғашқы қоңырау салтанаты болмады.

«1-қыркүйек күні сағат 08:30 шамасында №2 орта меткептің электронды поштасына Ақтөбе қаласының 6 мектебіне (№1, 2, 21, 22, 51, 56 орта мектептері) бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шықты. Оқушыларды, оқытушылар құрамы мен жұмысшылары эвакуациялау ұйымдастырылды. Полиция департаменті күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы, яғни, «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар