Ақтөбеде мектепке бір аптада 2 мәрте «бомба қойылды»

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік мектептердің біріне бомба қойылды деген хабарламадан кейін оқушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қаңтар күні сағат 10:15-те №51 мектеп-гимназиясының электронды мекенжайына мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Барлық шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына шықты, оқушылар, оқытушылар құрамы мен техникалық персонал эвакуацияланды.

Барлығы 550-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Арнайы бөлімше саперлері барлық ғимараттарға тексеру жүргізді. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.

Естеріңізде болса, осыдан бір аптадай уақыт бұрын аталған мектепке бомба қойылды деген хабарламадан соң 600 адам эвакуацияланған болатын.

Әзірге хабарлама жазған адам әлі табылмады.


Соңғы жаңалықтар