Ақтөбеде мектеп түлегінің өліміне қатысты сотқа дейінгі тыңдау өтті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп түлегі Азат Дүсіпов пышақ жарақатынан көз жұмып, айыпталушы Бекназ Кеңшілік сот алдында жауап беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 17-і маусымнан 18-не қараған түні Азат Дүсіпов пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті ретінде "Алтын белгі" иегері Бекназ Кеңшілік қамауға алынып, бүгін соталды тыңдауына жеткізілді. Оған Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылды. Қылмысы аса ауыр болған соң сот процесуалдық келісім болмайтынын түсіндірді.

"Бұл дұшпанға да тілемейтін қайғылы оқиға. Сондықтан қаза болған жәбірленушінің ата-анасына көңіл айтамыз. Оқиғаны анық білу үшін сол жерде болған Аида Әлібекова, Ділназ Ертаев секілді бірнеше адамды куә ретінде шақыруды сұраймыз. Сонымен қатар, жәбірленуші мен сотталушының арасындағы телефон арқылы болған әңгімені, әлеуметтік желідегі хабарламаны алғымыз келеді",- деді айыпталушының қорғаушысы Раушан Ізтілеуова.

Сот отырысы кезінде мемлекеттік айыптаушы Азамат Байболатов айыпталушы Бекназ Кеңшіліктің мінез-құлқын, адами қасиетін айтып беретін сыныптастары мен сынып жетекшісін, мұғалімдерін шақыруға қарсылық білдірді.

Айта кетейік, соталды тыңдауы кезінде сотталушы Бекназ Кеңшілік Алқа билердің қатысуына қарсы болды. Ол 8 тамыз күні 17 жасқа толды. Кәмелет жасқа толмаған сотталушының анасы Басығараева да қорғаушы болып отыр. Ал әкесі Нұрбек Аманбаев заңды өкілі болып белгіленді.

Еске салсақ, жәбірленуші Азат Дүсіповтың анасы Эльвира Дүсіпова өз ұлының армандары туралы айтып берді.  Негізгі сот 4 қыркүйек күні болады.

Соңғы жаңалықтар