Ақтөбеде мектеп түлегі пышақ жарақатынан көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қаласындағы №19 мектеп түлегі пышақ жарақатынан көз жұмды. Оқиға маусым айының 17-нен 18-не қараған түні Ақтөбе қаласының Тургенев көшесінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында қайғылы оқиға тіркелді. №19 орта мектептің 18 жастағы түлегі қайтыс болып, өзге мектептің 17 жастағы түлегі қазір облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Бас бәрігер Нұрлан Кожиннің айтуынша, пышақ жарақатын алған мектеп түлегінің жағдайы ауыр,. Ал қаза болған мектеп түлегін жерлеу үшін ата-анасы баласының денесін Қарғалы ауданының Бадамша ауылына алып кеткен.

«Мен қаза болған баланы жақсы танимын. Оның отбасында 4 бала бар. Үйдің үлкені мектеп бітіріп, анасы «таяуда ҰБТ тапсырады» деп жүрген. Дүйсенбі күні таңда қатты жылаған дауыс шығып, бәріміз далаға шықтық. Үйіне кіріп, болған жайды естідік. Бала өте кішіпейіл, сәлем беріп, амандығымызды біліп тұратын. Ата-анасы қазір қалада жоқ. Олар жерлеу рәсімін ауылда өткізу үшін Бадамшаға кетті, он күн бойы сол жақта болады», - деді аты-жөнін айтудан бас тартқан мектеп түлегінің көршісі.

Айта кетейік, қайғылы оқиға Ақтөбе қаласының Тургенев көшесінде болды. Медициналық университет жатақханасы маңында қан іздері сол күйі қалған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, төбелесті көріп, пышақ жарақатын алған түлекке алдымен жедел жәрдем, кейін полиция қызметкерлері шақырылды. 

Соңғы жаңалықтар