Ақтөбеде мектеп оқушысынан менингококты инфекция табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 16 жастағы мектеп оқушысынан менингококкты инфекция табылды. Барлығы 39 адам тексеруден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2 желтоқсан күні мектеп оқушысынан менингококты инфекция анықталды. 16 жастағы оқушы жөтеліп, мұрыннан су аққан. Суық тию, тамақ ауыру симптомдары 25 қарашада басталған.

«Науқас өз бетімен дене қызуын түсіретін препараттар қабылдап, медициналық көмекке кеш жүгінген. 2 желтоқсанда жағдайы нашарлағаннан кейін, яғни, ауру басталғаннан 7 күн өткен соң науқас медициналық көмекке жүгініп, Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бүгінгі күні ол стационарлық ем алып жатыр. Бактериологиялық зерттеу қорытындысы бойынша науқастың қанынан менингококты инфекцияның қоздырғышы анықталды. Жұқпалы аурулар ошағында науқаспен қарым-қатынаста болған 39 адам бактериологиялық тексерілді, нәтижелері анықталады. Қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынды», - деп хабарлады Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы аумағында 11 ай ішінде менингококты инфекцияның 6 жағдайы тіркелді. Аурушаңдық көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 0,70 құрады. Жас ерекшелігі бойынша 14 жасқа дейінгі балалар арасында 4 жағдай тіркелді.

Соңғы жаңалықтар